Полицейлердің төбелесіне не себеп? Кафеде түсірілген видео пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде полицейлердің төбелесі басталмай тұрып кафеде не болғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде полицейлердің төбелесі басталмай тұрып кафеде не болғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардағы кафе қонақтары мен полицейлер арасындағы төбелестің видеосы Instagram желісінде пайда болған еді. Видеодағы кадрлардан екі жігіттің кафе қонақтарына жақындағаны көрінеді. Олардың бірі қонақтар отырған үстелге жақындаса, екіншісі шөлмегін ұстап алып, бір топ адамға барып сөйлей бастайды.

Біраз уақыттан соң үстелде отырған әйелдердің бірі жігіттің бетіне стақан сусынын төгіп жібереді. Жігіт болса, оған жауап қайтармақ болып әйелді ұрмақшы болады.

27283fffggg есімді пікір білдіруші әйелдің қолындағы стақанда сыра болғанын, ал жігіттің қолында шырын құйылған стақан болғанын айтады. 

"Мен сол жақта тұрдым, олар ұрысқан да жоқ. Қолдарындағы стақандарын бір-біріне төккені болмаса, басқа ештеңе болған жоқ. Екі минуттай уақыт аралығында болды. Біздікі дұрыс болмады және біз бұл жерде полицейлер кінәлі деп отырған жоқпыз. Осы мәселенің шешілгенін қалаймыз, полицейлерді қамауға алмасын", - деп жазған Желі қолданушысы.

"Арай" кафесінің әкімшілігі оқиғаның ғимараттың ішіндегі видеобақылау камераларына түсірілгенін және бұл видеоның полиция қызметкерлеріне жолданғанын айтады.

Ал полициядағылар ұсталғандармен төбелес шығарған полицейлердің жұмыстан қуылғанын хабарлады. Оларды жұмыстан шығаруға ҚР млекеттік қызметкерлерінің қызметтік және Әдеп кодексін дөрекі бұзғаны негіз болған.

Жұмыстан қуылғандардың екеуі жол-патрульдік қызметте жұмыс істеген, екеуі - иснпекторлар.

Қазіргі уақытта полицейлер мен ұсталғандар арасындағы төбелеске қатысты арнайы тергеу басталды. 

Сондай-ақ, осыған дейін Павлодар полицейлерінің өздері ұрып-соққан кафе қонақтарын жазаламақшы екені хабарланған болатын. "Павлодар облыстық ІІД Тергеу комитеті биыл 3 тамызда болған оқиға бойынша "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлаған еді Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске сала кетейік, полицейлердің ұсталған жігіттерді аяусыз соққыға жыққан видеосы Желіде 11 тамызда таралған болатын. Оқиға Павлодар дүкендерінің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған. Видео кадрларынан полицейлердің қабырғаға тақалып тұрған жігіттерді ұрып-соққанын көруге болады, бірі тіпті отырған ер адамның басынан тебеді. Соған қарағанда, тәртіп сақшылары оларды қызметтік көлікке отырғызғысы келген болуы керек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro