31 наурыз 2017 | 19:24

Полиция Алматыда жүргізушілердің төбелесі түсіп қалған видеоны зерттеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видедеодан үзінді видедеодан үзінді

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері мегаполис көшелерінің бірінде Range Rover автомобиліндегі адамдар мен Lada Granta жүргізушісінің төбелесі туралы пікір білдірді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері мегаполис көшелерінің бірінде Range Rover автомобиліндегі адамдар мен Lada Granta жүргізушісінің төбелесі туралы пікір білдірді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне тіркелген, сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру") бойынша жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен жүргізуші полицияға хабарласқан, сол себепті арнай жедел топ сонда барған. Қазіргі уақытта Range Rover автокөлігі кімге тиесілі екені белгілі. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды. Range Rover жүргізушісінің кім екені белгіле, одан сұрау алынып жатыр", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, Алматыда жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды. Бейнебақылау камерасына Range Rover көлігінен түскен екі ер адамның Lada Granta жүргізушісін ұрып-соққаны түсірілген.

Оқиға 30 наурызда сағат шамамен 16.30-да Әуезов көшесінің бойында Қабанбай батыр мен Жамбыл көшелерінің аралығыда болған. Куәгерлердің айтуынша, Lada Granta солтүстікке қарай жүріп бара жатып, жол талғамайтын көлікке жол бермей, қарсы бағытқа қарай бұрылған. 

Осыдан кейін, куәгерлердің айтуынша, жүргізушілер ерегесіп қалған, кейін тоқтап, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі Lada Granta жүргізушісін ұрып-соққан. Осыдан соң көліктен тағы бір адам шығып, соққыға жығылған ер адамға соққы жасайды. Іс біткеннен кейін екі ер адам көлігіне отырып, кетіп қалады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети