Алматыда жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды

31 Наурыз 2017, 14:08
0
Алматыда жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды -

Алматыда жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнебақылау камерасына Range Rover көлігінен түскен екі ер адамның Lada Granta жүргізушісін ұрып-соққаны түсірілген.

Сөйтсек, оқиға 30 наурызда сағат шамамен 16.30-да Әуезов көшесінің бойында Қабанбай батыр мен Жамбыл көшелерінің аралығыда болған. Куәгерлердің айтуынша, Lada Granta солтүстікке қарай жүріп бара жатып, жол талғамайтын көлікке жол бермей, қарсы бағытқа қарай бұрылған. 

Осыдан кейін, куәгерлердің айтуынша, жүргізушілер ерегесіп қалған, кейін тоқтап, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі Lada Granta жүргізушісін ұрып-соққан. Осыдан соң көліктен тағы бір адам шығып, соққыға жығылған ер адамға соққы жасайды. Іс біткеннен кейін екі ер адам көлігіне отырып, кетіп қалады.

Оқиғаның куәгерлері жәбірленуші жүргізушіне видеотіркеу құрылғысына жазылған таспаны берді. Кейбір мәліметтерге сенсек, видео Желіге шыққаннан кейін ұрып-соққандар жәбірленушіні тауып, кешірім сұраған-мыс. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай