Полиция Алматыда көлік қағып кетті деген жезөкшенің арызы бойынша рейд жүргізді

21 Мамыр 2018, 09:57
0
Полиция Алматыда көлік қағып кетті деген жезөкшенің арызы бойынша рейд жүргізді - © medium.com
© medium.com

11 мамырда жезөкшенің арызы бойынша Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының өкілдері мүдделі өкілдермен және құқық қорғаушылармен бірге оны мәжбүрлі түрде ұстады делінген мекенжай бойынша тексеріс жүргізді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Қыздың арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша ("Жезөкшелiкпен айналысуға тарту") тергеу жүргізіліп жатыр.

"Притон жайлы мәлімет расталмады. Көршілердің айтуына қарағанда, ол мекенжай бойынша кішкентай балалары бар отбасы тұрады. Осы орайда Алматы қалалық ІІД өкілдері расталмаған және шындыққа келмейтін мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері қазіргі уақытта Тергеу басқармасының, Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының жедел кешенді тергеу жүмыстарын жүргізіп жатқанын айтып өтті.

"Мұнымен қоса, Н. есімді азаматшаның 2009 жылдан бері жезөкше ретінде Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының криминалдық есебінде тұратыны анықталды. Ол осыған дейін жезөкшелікпен айналысатындарды анықтауға бағытталған жедел алдын алу шаралары барысында ішкі істер органдарына жеткізілген", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін ол біреулердің оны құлдыққа салып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта бұл іспен адвокат Айман Омарова айналысып жатыр. Адвокаттың айтуынша, Сейфуллин даңғылында орналасқан притонда Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан және Қазақстан азаматшалары мәжбүрлі қызмет көрсеткен.

Ал 6 мамырда жезөкшені көлік қағып кеткен еді. Ведомствоның мәліметінше, 6 мамырда сағат шамамен 18.00-де Алматы қаласындағы Сүйінбай даңғылында автокөлік 1989 жылы туған Н. деген азаматшаны қағып кеткен, кейін ол біреулердің оны заңсыз ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерін айтқан.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай