Полиция өкілдері Қорғалжын аудандық округінің баланы соққыға жықты деп айыпталуына қатысты іске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғалжын аудандық округінің әкімі Жанат Омаровтың кәмелетке толмаған Мұқан Диасты соққыға жыққаны жайлы БАҚ-тарда жарияланған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысында әкімге баланы соққыға жықты деген айып тағылғаны хабарланған болатын. "Мәселе облыстық басшылықтың бақылауында. Қазіргі таңда тексеру жүріп, тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, тергеу нәтижесінен кейін ақпарат беріледі", - деген еді Ақмола облыстық әкімінің кеңесшісі Марат Иғали.