21 тамыз 2020 15:48

Полиция формасын киіп, жарнамаға түскен актер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Almaty.tv © Almaty.tv

Талдықорғанда полиция формасын киген актер жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Almaty.tv.


Талдықорғанда полиция формасын киген актер жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, оған ірі көлемде айыппұл салынбақ. Актер полиция формасын киіп, жарнамалық роликке түскен. Нәтижесінде оған полиция формасын кигені үшін және жала жапқаны үшін екі бірдей бап бойынша айыппұл салынбақ.

Бұл туралы актердің қорғаушысы Есімбол Мамырханов мәлімдеді. Роликте полиция қызметкері санитарлық нормаларды тексеру мақсатында дүкенге келеді. Сөйтіп, өзінде көлігі болмаса да, ол жерден екі бірдей көлік шинасын алып шығады. Енді хаттамалар сотқа жіберіліп, полиция формасын заңсыз кигені үшін ол 13 мың 890 теңге және жала жапқаны үшін 444 мың 480 теңге төлеуі қажет.

Не болмаса 15 тәулікке қамауға алынады. Актердің қорғаушысы роликте жала жабу туралы, полиция формасын арам оймен пайдалану туралы ниет болмағанын айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети