18 қыркүйек 2022 14:37

Полиция көпірден секірген ер адамды құтқару сәтінің видеосын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен ер адамды құтқарып қалды. Тәртіп сақшылары құтқару сәтін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен ер адамды құтқарып қалды. Тәртіп сақшылары құтқару сәтін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, 18 қыркүйекте түнгі сағат 02:00 шамасында Атырау қаласындағы орталық көпірден белгісіз ер адам секірген. Мұны байқаған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Арман Қарабалиев пен Меллат Абужанов тұрғынды дереу құтқаруға кіріскен.

Арман Қарабалиев құтқару жилетін киіп, суға батып бара жатқан ер адамға қарай жүзген. Кейін азаматты жағаға шығару үшін Меллат Абужанов көмекке келген.

Есінен танып қалған ер адамға тәртіп сақшылары алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Суға секірген адамды естіген бойда уақыттың санаулы екенін түсіндік. Бастысы адамды құтқару болды. Дәл осы көпірде 2019 жылы суға секірген әйел адамды құтқарып, әріптесіміз Шалқар Ақымғалиев дүниеден өткен еді. Есіме сол оқиға оралды. Бірақ 2019 жылдан бері де бірнеше рет осы көпірден секірмек болған азаматтар құтқарылды", - деді полиция аға лейтенанты Арман Қарабалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети