Полиция, микрочип және әлеуметтік желілер: Астана тұрғыны шетелдік азаматтың жоғалған итін тауып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция, микрочип және әлеуметтік желілер: Астана тұрғыны шетелдік азаматтың жоғалған итін тауып берді Бейнеден кадр

Астана полициясына шетелдік азамат итін табуға көмектесуін сұрап жүгінді. Ер адамның айтуынша, Астанада серуендеп жүргенде оның сегіз айлық иті, хаски буданы, кенет қашып кетіп, көзден таса болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өтініш түскеннен кейін полицейлер бірден іздеуге кірісті: ит кейінгі рет көрінген аумақты тексеріп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеді.

Өтіп бара жатқан адамдардың бірі иесіз жүрген асыл тұқымды итті байқап, алдымен микрочип арқылы иесін анықтау үшін оны таксимен ветеринарлық клиникаға апарған. Иесінің байланыс деректерін табу мүмкін болмағандықтан, ол итті үйіне алып кетіп, уақытша күтім жасаған.

Сол уақытта үй жануарының иесі әлеуметтік желілерде итінің жоғалғаны туралы хабарландыру жариялайды. Оны көрген ер адам иттің иесімен байланысқа шықты. Хаски аман-есен иесіне қайтарылды.

Шетелдік азамат бейжай қарамай, итін қайтаруға көмектескен жандардың бәріне шын жүректен алғысын білдірді.

"Бұл оқиға бейжай қарамайтын азаматтардың, өзара қолдаудың және белсенді азаматтық ұстанымның кез келген қиын жағдайда оң нәтиже беретінін тағы бір мәрте көрсетті. Осындай игі істер қоғамдағы сенім мен өзара құрметті нығайтып, көмекке келуге дайын болу адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екенін дәлелдейді", - деп атап өтті полиция департаментінен.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +31
Ақтау +33
Ақтөбе +34
Атырау +33
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +40
Қызылорда +26
П
Павлодар +32
Петропавл +25
С
Семей +33
Т
Талдықорған +34
Тараз +39
Түркістан +30
О
Орал +27
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер