Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Полиция "Нұрлы Тау" ғимаратында үстіне терезе түсіп кеткен қыздардың оқиғасын тергеп жатыр

18 Тамыз 2016, 15:34
0
© Facebook/Бақытгүл Бурабаева
© Facebook/Бақытгүл Бурабаева

Полиция Алматыда қыздардың үстіне терезенің түсіп кеткені туралы деректі тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Кеше қыз арыз жазды. Оны бірыңғай реестрге тіркеп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тексеретін боламыз", - деді полициядағылар.

Осыған дейін оқиғаның қалай болғанын зардап шеккен қыздардың бірі айтып берген болатын. "Бір ер адам төртінші қабаттағы кеңсенің терезесін ашпақ болып, жұлқып қалғанда әйнек төмен түсіп кетті. Ер адам дереу төменгі түсіп, бізге көмек көрсетті. Әрине ол кінәлі емес, ол тек терезені ашқысы келген. Біз отыратын кеңсенің де терезесі осындай, бізде осылай ашамыз", - дейді бойжеткен.

Оның айтуынша, терезе өздері отырған үстелдің жанындағы бағанаға түскен. "Әйнек шашылған кезде оның шишалары менің құрбыма тиген. Терезенің сынықтары оның мойнына, басына, арқасына кіріп кетті. Сынықтары бізге де шашырады. Сәл болғанда әйнек оны тіліп түсіп, мерт қылар еді. Себебі әйнек төбеден түскенде бүтін болатын және сүйір бұрышымен түскен".

"Бұл оқиға сәрсенбіде, 17 тамызда сағат 13.30-да болды. Осы үстелде төрт адам отырғанбыз. Мен жарақат алдым, әйнек сынықтары менің аяғыма, қолыма кіріп кетті, басымның бір бөлігін жанап өтті. Ақсаңдап, жүре алмай қалдым. Көздеріме ештеңе болған жоқ, себебі сол кезде көзілдірік тағып отырғанмын. Әріптес құрбым қатты зардап шекті, оның жарақаттары ауыр. Аса ауыр емес деп жазып жатыр, негізде оның халі ауыр, ол ауруханада жатыр. Миы шайқалған және қан тамырына зақым келген. Ол маған басының тігілген суреттерін жіберді. Дәрігерлер оны МРТ жасауға жіберген. Тегін емдеу тек квота арқылы жүргізіледі деген сылтаумен, оны тегін емдейтін ауруханаға жатқызбады. Басында жарасын тігіп беріп, үйіне жіберген", - деді зардап шеккен қыз.

Алайда, оның айтуынша, үйде құрбысының жағдайы нашарлап, жүрегі айнып, құса бастаған, басы айналып, дене қызуы көтерілген. Осы кезде қызды жедел ақылы ауруханаға жеткізген.


Зардап шегуші қыздың жолдаған суреттері

Таяуда төтенше жағдай болған жерде "Odysseya" кафе-барының директоры оқиғаға мүлдем қатысы жоғын айтқан. "Біз жалға алушымыз. Төтенше жағдай болған жер - бұл барлығына ортақ аймақ. Үстелдер мен шатырлар барлық адам үшін қойылған, біз ол үшін ақша да, ештеңе де алмаймыз. Онда адамдар барып отырады. Біз өз қаражатымыздан адамдар күннің астында тұрмасы үшін салып қойғанбыз. Кафе ғимараттың бірінші қабатында, яғни ішінде орналасқан. Біз оған жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсеттік", - деп түсіндірді Алексей. 

 
Facebook/Бақытгүл Бурабаева


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай