Португалияда Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады

12 Қараша, 09:50
0
Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы Бeжа әуежайында. © twitter / TLspotting
Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы Бeжа әуежайында. © twitter / TLspotting

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Португалияда қызмет көрсету кезінде төтенше жағдай болды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

"2018 жылы 11 қарашада Embraer 190 ұшағы ұшып бара жатқан кезінде техникалық ақау туды деген дабыл қағылды. Экипаж Бежа қаласындағы (Португалия) қосымша аэродромға қонуды шешті. Барлығы сәтті өтті. Онда тек экипаж мүшелері болған", - делінген хабарламада.

Әуекомпанияның баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, ұшақ Португалияның әуе-техникалық орталығынан Қазақстанға KC1388 аралық рейсін орындаған. 

"Ұшақ EASA Part-145 лицензиясы бойынша сертификатталған мамандар жүргізген техникалық c-check тексеруінен қайтып келе жатқан. Әуе кемесінде қосымша техникалық тексерулер жүргізіледі, содан кейін Қазақстанға оралады. Сонымен қатар, оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі", - делінген Air Astana мәлімдемесінде. 

Сонымен қатар, португалиялық Jornal de Noticias газеті Embraer 190 ұшағы Бежа әуежайына үшінші әрекетінен кейін ғана қона алғанын хабарлады. Ұшақ апат дабылын қосқан, содан кейін португалиялық ӘӘК-нің екі F16 ұшағы Монте Реал базасынан көмекке келді. 

Экипаж мүшелеріне медициналық көмек қажет болды. "Екі адам ауруханаға жеткізілді: 54 жастағы британ және 37 жастағы қазақстандық", - деп жазады басылым. 

Тағы бір португалиялық Mira Online басылымы ұшақтың бірден бірнеше басқару жүйесі істен шыққанын хабарлайды. Ұшақ күтпеген траектория бойынша шеңбер жасап, биіктігін жоғалтқан. Сонымен қатар, оның жылдамдығы мен биіктігі өзгеріп тұрған. Экипаж мүшелері әуедегі ұшақты үлкен қиындықпен ұстап тұра алды.

Сонынмен қатар, португалиялық Jornal de Noticias газеті Air Astana ауекомпаниясының Португалия астанасынан 180 шақырым жерде орналасқан Бежа әуежайына қонуға тырысқанын сәтінің видеосын жариялады.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай