Қарағанды облысында із-түссіз жоғалып кеткен тұрғын Алматыдан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында із-түссіз жоғалып кеткен тұрғын Алматыдан табылды Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Қарағанды облысының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғыны Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғыны Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 жастағы Ержан Нұркеевтің қай жақта екенін полиция қызметкерлері анықтады. Ер адамды іздестіруге қатысты іс тоқтатылды. Нұркеевтің анасының айтуынша, ол қазір Сәтбаев қаласында үйінде. Алайда ер адам үйіне келгенде оның құжаттары болмаған. Әзірше ер адам өзінің жоғалып кетуіне қатысты ештеңе айтпауды жөн көріп отыр.

"Шын айтамын, мен ол туралы сіздерден артық білмеймін. Оны Алматыдан тапты, қазір үйде. Ештеңе айтпайды, үндемей отыр. Маған әзірше оған қысым көрсетпеуімді сұрады. Білетінім, оның құжаттары жоқ. Біз құжаттарды қайта қалпына келтіруге өтініш жазып қойдық. Маған қазір ең бастысы - оның аман-сау болуы", - деді анасы Айгүл Бахтаева.

Ержанның таныстарының айтуынша, ол осы уақыт бойы Алматыда жалдамалы пәтерде тұрды. Ер адамның айтуынша, ол Интернетте отырмағандықтан өзінің іздестіріліп жатқаны жайлы білмеген. Оның басқа қалада немен айналысқаны белгісіз.

"Мен Ержан табылған соң онымен телефон арқылы сөйлестім. Ол маған да ештеңені түсіндіріп айтпады. Өз қалауымен кеткісі келгенін айтты. Рейстің ақшасын маған қайтармады. Ал ақшаны қалай қайтаратыны жайлы сұрағанымда, маған "әзірше ондай ақшам жоқ, сотқа бергің келсе, бер. Арызыңды алып кететін болсаң, ақшаны мүмкіндігімше қайтарамын" деп жауап берді. Қазіргі уақытта заңгерім осы мәселемен айналысып жатыр. Ол қолхат жазып беретін болса, бұл істі сотқа дейін жеткізбейміз", - деді Ержанның бұрынғы жұмыс берушісі Мейіржан Түсіпов.

Еске сала кетейік, 30 жастағы Ержан Нұркеев 12 қаңтарда Балқашта жоғалып кеткен болатын. Қарағандыдағы фирмалардың бірінде жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам сол күні Балқашқа жүк әкелген. Содан ол көлікті танысының есігінің алдына қойып кетіп, туыстарының үйіне кету керек болатын. Алайда Ержан Нұркеев сол кезден бері үйіне оралмаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети