Қарағанды облысында жол апатынан бір полицей қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жол апатынан бір полицей қайтыс болды Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан бір полицей қаза болды, тағы төрт адам зардап шекті, оның бірі де - тәртіп сақшысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан бір полицей қаза болды, тағы төрт адам зардап шекті, оның бірі де - тәртіп сақшысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 6 желтоқсан күні түнде Абай ауданында болды. Екі полицей мен еш жерде жұмыс істемейтін тағы үш адам мінген BMW автокөлігі тас жолдан ұшып кеткен. "Жедел медициналық жәрдем" облыстық станциясының диспетчерлік қызметінің мәліметінше, апатқа ұшырағандарды ауруханаға жеткізу кезінде облыстық ІІД жол-патруль полициясының батальон қызметкері қайтыс болды. "Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олар: 24 жастағы жүргізуші, облыстық ІІД жол-патруль полициясы батальонының 22 жастағы сержанты және 20 мен 25 жастағы екі қыз", - деп түсіндірді "Жедел медициналық жәрдем" станциясының өкілдері. Автокөліктің жол жиегіне аударылу себебі тергеуалды тексеріс барысында анықталатын болады. 

Жол-патруль полициясы батальоны қолбасшылығы өкілдерінің хабарлауынша, жол апатынан қаза тапқан полицей батальонның екінші взводында қызмет еткен. "Марқұм полицей батальонда өткен жылдың қазан айынан бері жұмыс істеді. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол қызметтік міндеттемесін атқару үстінде болған жоқ", - деп хабарлады полицейлер. Марқұм полицей Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары Жансерік Дәуренбековтің туған інісі болып шықты, Дәуренбеков осы жылдың жазында қызмет көлігіне мас күйде отырып, бір қызды қағып өлтірген еді, кейін ол оқиға орнынан қашып кетті, осы әрекеті үшін тұтқындалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети