Қарағандыда колледж жатақханасында жаппай төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда колледж жатақханасында жаппай төбелес болды ©vesti.kz

Қарағандыда колледж жатақханаларының бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда колледж жатақханаларының бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

10 қыркүйек күні болған бұл оқиғаға 20-дан астам студент қатысқан. "Жаппай төбелесті тоқтату үшін Қарағанды облыстық ІІД жедел әрекет ету жасағының жауынгерлері жіберілген. "Бұл жанжал кезінде бұрын да заңмен мәселесі қаралған, 17 жастағы колледждің екінші курс студенті гүл салынған вазаға зиян келтірген. Басқа ештеме бүлінбеді және ешкім жәбірленген жоқ", - делінген таратылған хабарламада. Қазіргі таңда полиция төбелесті кімнің бастағанын және не себепті туындағанын анықтап жатыр. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Қарағандыда жаппай төбелес 6 қыркүйек күні "Оңтүстік-Шығыс" ауданында болған еді. "Жолдағы төбелес" деп аталатын бейнероликті Интернетке белгісіз куәгер салған. Кейін полиция полковник әйелдің қатысуымен болған бұл төбелестің себебін хабарлады. Бұл ретте той кортежінің көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзған екен. Полицияның түсіндіруінше, той кортежінің құрамында жүрген Mazda көлігінің жүргізушісі жол қолғалысы ережесін бұзып, іргелес жолақта келе жатқан Nissan автокөлігін соғып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети