Қарағандыда жаппай төбелескендердің кім екені анықталды

09 Қыркүйек 2014, 16:46
0
Қарағандыда жаппай төбелескендердің кім екені анықталды - ©youtube.com
©youtube.com

Қарағандыда видеосы Интернетке орналастырылған жаппай төбелеске қатысушылар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жаңатай Сембековке сілтеме жасап. Жаппай төбелес 6 қыркүйек күні "Оңтүстік-Шығыс" ауданында болған.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта төбелесушілердің кім екені анықталды, олар тергеліп жатыр. Төбелестің себебі мен оны бастаушылар анықталып жатыр, ал оқиға орнында болған құқық қорғау органының қызметкеріне келсек, ішкі істер департаменті тергеу мүддесіне байланысты ол туралы түсінік беруден бас тартты. 

Еске сала кетейік, жуырда бұл оқиғаның белгісіз куәгері "Жолдағы төбелес" аталған бейнероликті Интернетке орналастырған еді. Одан жанжалдасушыларды және оларды ажыратпақ болған полицей әйелді көруге болады.   


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай