Қардың салдарынан Алматыда 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қардың салдарынан Алматыда 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы болды ©Тengrinews.kz

Алматыда қалың жауған қарға байланысты бір тәулікте 97 жол-көлік оқиғасы болды, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалың жауған қарға байланысты бір тәулікте 97 жол-көлік оқиғасы болды, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтты.

Оның мәліметінше, жол-көлік оқиғаларынан 16 адам зардап шекті, құрбан болғандар жоқ. 4 желтоқсан күні Алматыда күні бойы қар жауған еді. Айта кетейік, қараша айының басында қар алғаш қалың жауған күні де қала көшелерінде сондай жағдай қалыптасқан болатын. 25-26 қараша күндері Алматыда 122 жол-көлік оқиғасы тіркелгені хабарланған-ды.

27 қараша күні кешкісін алты автокөліктің қатысуымен ірі жол апаты болғаны да хабарланған еді. Lexus мен Nissan автокөліктері соқтығысып, Kia, Lada, Audi және Nissan Sunny машиналарына да зақым келтірді. Зардап шеккендердің бәріне медициналық көмек көрсетілді, Nissan жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. 

Алматыдағы жол-көлік оқиғаларының көбі көлік құралдарының жазғы резеңкеден қысқыға ауыстырылмауынан болған. Полиция жүргізушілерді өз автокөліктерін пайдалануда жауапты болуға, дөңгелектерінің резеңкесін өз уақытында ауыстыруға және жолдарда мұқият болуға шақырады. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы қыс жылдағыдан суығырақ болады. Алдын ала болжам бойынша, биылғы қыста аязды ауа райы толассыз қар жауатын күндермен ауысып отырады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети