Қостанай облысында қырылған киіктердің саны 27 мыңнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында қырылған киіктердің саны 27 мыңнан асты © mgov.kz

Қостанай облысында көмілген өлі киіктердің саны 27,7 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік ТЖД мамандары хабарлады. Еске сала кетейік, Жалоба аумағындағы киіктер 11 мамырдан бастап жаппай қырыла бастады.

Бұған дейін 19 мамыр сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, 19 231 өлексенің көмілгені хабарланған болатын. Оқиға орнында өлекселерді жинау мен жою жұмыстары жүріп жатыр, оған 515 адам мен 76 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, өлекселер жатқан аумақ 16 мың гектардан асты. Оқиға орнында тәулік бойы аудандық ІІБ мен Аманкелді аудандық "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты жұмыс істеп жатыр. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының ақпаратына сай алдын-ала себеп  - пастереллез ауруы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети