Қостанайда сауда орталығынан өрт шықты, 1 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда сауда орталығынан өрт шықты, 1 адам зардап шекті © m.tamasha10.kz

Бүгін, 6 сәуірде MART ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Бұл туралы Қостанай облысындағы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметі мен апаттан құтқару жұмыстарының қызметкерлері растады, - деп хабарлайды Alau.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 6 сәуірде MART ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Бұл туралы Қостанай облысындағы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметі мен апаттан құтқару жұмыстарының қызметкерлері растады, - деп хабарлайды Alau.kz.

Облыстық ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін, таңғы сағат 6.00-де шыққан. Сауда орталығының төменгі қабатында орналасқан дәріханадағы компьютердің жүйелік блогы өртенген.

"Өрттің аумағы - 3 шаршы метр. Өрт өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлері келгенге дейін сөндірілді", - деп хабарлады Өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметі. 

Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов сауда орталығындағы күзетшілердің бірі күйік алғанын хабарлады. 

"Біздің ауруханаға орталықтың күзетшісі келді. Қолының буындары күйіп қалған, 1,2 деңгейдегі күйік. Оған медициналық көмек көрсетілді. Амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деді Марал Әбілқасымов

Сауда орталықтарында төтенше жағдай кезінде не істеу керек? Маман кеңесі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети