ҚР СІМ Грузиядан қайта алмай отырған туристерге қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ Грузиядан қайта алмай отырған туристерге қатысты түсінік берді © Tengrinews.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Грузиядан қайта алмай отырған туристерге қатысты жағдайға түсінік берді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Tengrinews.kz тілшісіне мәмілегерлердің қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. "Елшілік бұл жағдайды бақылап отыр. Азаматтарға қажетті барлық көмекті көрсетуге дайын", - деді Әнуар Жайнақов.

Сондай-ақ, отанына қайта алмай отырған қазақстандық туристер Грузиядағы ҚР елшілігіне мына номерлер арқылы хабарласа алатыны айтылады: (+995-32) 299-76-84; (+995-32) 255-20-00,  995 577337703. 

Айта кетейік, осыған дейін Грузияда 140 қазақстандық туристің отанына қайта алмай отырғаны хабарланған болатын. Skybus әуекомпаниясы өкілдерінің айтуынша, ұшақты тексеру қажеттілігі туындағандықтан әуе рейсі кешігіп жатыр. Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта Батумидан Атырауға, Астанаға және Қарағандыға 140 турист рейсті күтіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети