Құлсарыда тірідей өртенген жігіт адыраспанмен аластау ырымының құрбаны болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құлсарыда тірідей өртенген жігіт адыраспанмен аластау ырымының құрбаны болған © "Ақ жайық"

Атырау облысының Құлсары қаласында 21 жастағы жігіт адыраспанмен аластау салтынан зардап шекті, - деп хабарлайды "Ақ жайық".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының Құлсары қаласында 21 жастағы жігіт адыраспанмен аластау салтынан зардап шекті, - деп хабарлайды "Ақ жайық".

Бүгін әлеуметтік желіде Жылыой ауданынан жантүршігерлік видео пайда болды. Куәгерлер сауда үйлерінің бірінің маңынан ер адамның айғайлап, жүгіріп бара жатқанын видеоға түсіріп алған. Оның киімі мен шашы өртенген. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Кейбір куәгерлер оқиғаны видеоға түсіре берген.  

Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бапсасөз қызметіндегілер өрттің бүгін сағат 10.00-де Құлсарыдағы базарлардың бірінде шыққанын хабарлады. Ер адам туыстарының қолында жалданып жұмыс істеген. 

"Бұл өрт емес, - деді Жылыой аудандық ТЖ басшысының міндетін атқарушы Ербол Қаралиев. - Бутик қожайыны адыраспанмен аластайын деген. Абайсызда оның шоғы каучик салынған қоқыс жәшігіне түсіп кетіп, өрт шыққан. Өртеніп жатқан шелекті сыртқа алып шығайын деген жігіт, сасқалақтап есіктің табалдырығына шалынысып құлаған. От жігіттің үстіне көшкен. Ол сыртқа шығып жүгіре кеткен, оған көшеде кетіп бара жатқан адамдар көмектесіп, отты сөндірген".

Зардап шеккен ер адам аудандық ауруханаға түсті. Оның денесінің 30 пайызын күйік шалған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.  

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети