28 наурыз 2017 16:03

Атырауда отқа оранған жігіттің айғайы көшедегілерді шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы Құлсары қаласында болған өрттен бір ер адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атырау облысындағы Құлсары қаласында болған өрттен бір ер адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер сауда үйлерінің бірінің маңынан ер адамның айғайлап, жүгіріп бара жатқанын видеоға түсіріп алған. Оның киімі мен шашы өртенген. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Кейбір куәгерлер оқиғаны видеоға түсіре берген.  

Зардап шеккен ер адам аудандық ауруханаға түсті. Оның денесінің 30 пайызын күйік шалған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бапсасөз қызметіндегілер өрттің бүгін сағат 11.00-де Құлсарыдағы базарлардың бірінде шыққанын хабарлады. Ер адам туыстарының қолында жалданып жұмыс істеген. 

Ол қоқыс төгуге барғанда тез жанғыш зат өртеніп, от оның үстіне көшкен. Желіде жарияланған видеоға қатысты пікір жазғандар оның суды керосинмен шатастырып алды деген болжам айтқан. Алайда өрттің себебі белгісіз.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети