26 ақпан 2014 | 11:49

Ресей хоккейшілері мінген ұшақ Астанаға апатты жағдайда қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Ресейлік Center South әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана халықаралық әуежайы" АҚ маркетинг бөлімінің бастығы Людмила Копейчукке сілтеме жасап. "25 ақпан күні сағат 23.49-да Қарағанды - Пермь бағытындағы 9652 рейсіне шыққан Center South әуе компаниясының ТУ-134 жолаушылар ұшағы двигателінің істен шығуына байланысты Астана әуежайына апатты жағдайда қонды", - дейді Копейчук. Ұшақ бортында 31 жолаушы болған, олар - "Молот" хоккей командасының ойыншылары және экипаждың 12 мүшесі бар, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта двигательдің істен шығу себебін анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Ақау табылған ұшақтың жолаушылары "Эйр Астана" компаниясының тұрақты рейсімен Мәскеуге ұшып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети