09 наурыз 2017 14:27

Ресейде қайтыс болған ақтаулықтардың ата-анасы ұлдары туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде қайтыс болған 1997 жылғы Алексей Баркалов және 1983 жылғы Виктор Москалёв Маңғыстау облысының тұрғындары болған, - деп хабарлайды Lada.kz


Мәскеуде қайтыс болған 1997 жылғы Алексей Баркалов және 1983 жылғы Виктор Москалёв Маңғыстау облысының тұрғындары болған, - деп хабарлайды Lada.kz

Алексейдің әкесі Руслан Баркаловтың сөзінше, Викторға көмекші қажет болып, ол Алексейді шақырған. 

"Виктор жүк тасымалдайтын компанияда істеген. "Газельмен" бір жүкті, ұшақ қозғалтқышы-ау деймін, апарып тастауға серік керек болған. Ол Алексейге, менің ұлыма, экспедитор ретінде бірге баруды ұсынған. Екеуі Мәскеуге 17 ақпанда кеткен", - дейді Руслан Баркалов.

Бұл сапарға Алексей сегізінші наурыз мерекесіне анасы мен қарындасына сыйлық алу үшін келіскен. Екеуі жүкті жеткізіп, кері қайтпақ болған екен. 

"Олар Мәскеуге 21 ақпан түнде жетеді. Жүкті түсіріп, қайтар жолда Липецк облысындағы менің әкеме соғып кетпек болады. 22 ақпан таңертең Викторға жұмыс бойынша Ақтауға бір жүкті ала келуін сұрайды. Алексей келісім бергеніне өкініп қалған. Олар қатты шаршаған. Соңғы рет 22 ақпанда хабарластық", - дейді Баркалов.

Ұлы мен досының өлі табылғанын Руслан Баркалов Роман атты танысынан естіген. 

"Рома қоңырау шалды, Виктор мен Алексейдің өлі табылғанын айты. 24 ақпанда бірден Мәскеуге ұшып кеттім. Елшілік пен сыртқы істер министрлігінен ешкім көмек берген жоқ. Түрлі АІІБ-лерге жүгіріп, ұлым туралы ақпарат іздедім. Оны аяғы мәйітханадан тапқан кезде бальзамдау мен табыт үшін 126 мың рубль төлеуіме тура келді. Алдын ала болжам бойынша түтінге уланып көз жұмған. Қазір сот-медициналық сараптама жасалып жатыр, қорытындысы бір айдан кейін дайын болады. Мәйіттерді жеткізу де аз ақша емес. Роман мәйіттерді Ақтауға өз қалтасынан жеткізіп беріп, бізге көмек көрсетіп отыр", - дейді Баркалов. 

Ал марқұмның анасы екі достың адал жігіттер болғанын айтады.

"Бар болғаны 19 жаста болатын. Өмірі енді ғана басталды ғой, сүйіктісімен енді қосылған еді. Ал Виктор адал жігіт болды, еңбектеніп жүрді. Артында анасы жалғыз қалды. Викторды анасының берген рұқсат қағазымен алып келдік", - дейді Алексей Баркаловтың анасы.

Жігіттің ата-анасы мұны қастандық деп ойламайды. Руслан Баркалов "Газельдің" нашар күйде болғанын айтады. Сот-медециналық сараптама қорытындысы нақты себептерін анықтайды.    

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети