28 шілде 2021 16:39

Ресейлік атақты блогерге алматылық полицейлер жол ашып жүрген бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановтың көлігіне жол ашып жүрген. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Қалалық жол-патрульдік полициясы өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда бұл бейнежазба белгілі ресейлік блогер Гусейн Гасановтың Instagram-парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары патрульдік көлік блогердің көлігіне арнайы жол ашып жүргеніне таңғалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Алматы полициясының өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

Айта кетсек, Гасанов өз елінде бірнеше рет жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Яғни, 2020 жылы көлік нөмірін жасырғаны үшін, ал 2021 жыл 26 шілдесінде мас күйінде көлік жүргізді деп күдікке ілінген. Алайда медициналық тексеруден өткізбек болғанда блогер полицейлермен барудан бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети