01 сәуір 2018 12:13

Риддерде екі баланы шатыр басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yk-news.kz © yk-news.kz

Риддерде дауылдың салдарынан ұшып кеткен шатыр сегіз және тоғыз жастағы екі ұл баланы жарақаттады, деп хабарлады YK-news.kz.


Риддерде дауылдың салдарынан ұшып кеткен шатыр сегіз және тоғыз жастағы екі ұл баланы жарақаттады, деп хабарлады YK-news.kz.

Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі өздігінен шыға алмаған, оны шатырдың астынан құтқарушылар алып шықты. Екі бала да ауруханаға жеткізілді. 

"Жұма күні кешке соққан дауылдың қатты болғаны сонша, Төртінші аудандағы екі қабатты клубтың темір шатырын ағаш торламасымен қосып жұлып әкетті. Сол кезде жақын маңда екі оқушы өтіп бара жатқан. 220 шаршы метрлік темір балаларды басып қалды", - делінген жарияланымда.

Порталдың мәліметінше, екі бала да жарақат алды. Олар травматология бөліміне жатқызылды. Қалалық әкімдіктің мағлұматтарына сәйкес, балалардың миы шайқалған, жараланған және сіңірлері созылған. Ұлдардың бірінің саны жабығынан қиғаш сынып, орнынан қозғалып кеткен.

"Әкімдіктің мәліметінше, шатырын жұлып әкеткен ғимарат "Қазақтелеком" АҚ балансында тұр. Бұрын ол жерде АТС - автоматты телефон станциясы болған. Қазіргі таңда екі қабатты ғимаратта клуб пен полиция бекеті бар", - делінген жарияланымда.

Сол күні кешке дауылдың салдарынан тағы бір шатыр ұшты. Қатты жел Горький атындағы мектеп шатырының 40 шаршы метрін жұлып әкетті, бұдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети