08 қаңтар 2020 09:38

Риддерде кенші жертөледе екі күн бойы қалып қойған

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Риддерде жертөледе қалып қойған кенші құтқарылды, - деп хабарлайды yk.kz


Риддерде жертөледе қалып қойған кенші құтқарылды, - деп хабарлайды yk.kz

Оқиға 5 қаңтарда күндізгі уақытта болған. "Қазмырыш" ЖШС Риддер-Соколь кенішінің 12-штрегінің 15-қабатындағы тау-кен массасы жауып қалған. Сол уақытта бұрғылаушы жұмысын істеп жатқан кезде қабырғаның артында қалып қойған. 

Оқиға орнына бірден іздестіру және құтқару қызметі келген. 6 қаңтарда сағат 05:50-де ер адаммен байланыс орнатылған. Құтқарушылар кеншілермен қарым-қатынас жасай алатын жерді бұзып, оған тамақ жеткізген. 

Құтқару операциясына барлығы 30 адам қатысқан. Олар ер адамды құтқару үшін 8 метр үйіндіні бұзған. Кенші 7 қаңтарда сағат 03:54 шамасында құтқарылды. Ол Риддердегі ауруханаға жеткізілді. 

"Құтқару операциясының штабы көмектескен барлық адамға алғыс айтады. Болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуге комиссия құрылды", - деп мәлімдеді "Қазмырыш" ЖШС қоғаммен байланыс басқармасы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети