Рудный студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудный студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған Фото ©Tengrinews.kz

Санитария дәрігерлері Рудныйдағы колледж студенттері неге уланып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санитария дәрігерлері Рудныйдағы колледж студенттері неге уланып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитария дәрігерлері Рудный тау-кен технология колледжінің асханасында алынған сынама нәтижелерін айтты. Улануға себеп стафилококк болған.

"Зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды. Дайын өнімнің барлық сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларынан да патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияны тасымалдаушы асхана қызметкерлері болуы мүмкін", - деді Қостанай облысының Cанитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Тексеріс барысында санитария ережелері сақталмағаны анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, тағамды сақтау шарттары мен дайындау технологиясының бұзылуы. Мамандар профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.

Ауруханаға жатқызылған 14 студент ауруханадан шығарылды. Еске салайық, Рудныйдағы колледж студенттері түскі астан кейін асханада өздерін жайсыз сезінген еді. Жергілікті асханада түскі ас ішкен 70-тен аса студент жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып қаланың медицина мекемелеріне жүгінген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети