06 қыркүйек 2016 11:16

Рудныйда көпқабатты үйдегі жарылғыш зат туралы мәлімет расталмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйдағы Ленин көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйде жарылғыш зат бар деген мәліметке қатысты тексеру жұмыстары толығымен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық терроризмге қарсы жедел штабына сілтеме жасап.

Жарылғыш зат туралы мәлімет расталған жоқ. "Рудный қалалық терроризмге қарсы жедел штабы үй тұрғындарына түсіністік білдіргені үшін және бірлесе жұмыс істегені үшін алғыс білдіреміз", - делінген таратылған хабарламада.

Еске салайық, 2016 жылдың 4 қыркүйегінде Рудный қалалық терроризмге қарсы жедел штабы Ленин көшесінің 70-ші үйінде жарылғыш зат орнатылған деген мәліметті тексеру барысында үй тұрғындарын эвакуациялады. Осы іс-шарада қарулы күштер мен мемлекеттік органдарының құралдары жұмылдырылған болатын.

Антитеррорлық штаб Рудный тұрғындарын көпқабатты үйден қауіпсіз жерге көшіруге байланысты байбаламға салынбауды өтінген. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, барлық тұрғындарға уақытша жататын жерлер мектептер мен сауықтыру орталықтарында қоныстандырған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети