09 ақпан 2023 09:59

Рудныйда тағы құбыр жарылды. 24 көпқабатты үй жылудан ажыратылған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ng.kz Фото ng.kz

Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды. Жолды су басып, 24 тұрғын үй мен 59 жекеменшік үй жылудан ажыратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.


Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды. Жолды су басып, 24 тұрғын үй мен 59 жекеменшік үй жылудан ажыратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлер 9 ақпанда таңертең Рудныйдағы Паркова көшесін су басқаны туралы хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, су Ленин - Горняков көшелері қиылысынан келген.

"Сағат 8:30-дағы жағдай бойынша Дзержинскийден Ленин көшесіне дейінгі көшелер шекарасында Горняков көшесі бойындағы жылу трассасының учаскесі жабылды. 24 үй, 59 жекеменшік сектор, 17 заңды тұлға жылудан ажыратылған", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Дәл осындай оқиға Рудныйда 26 қаңтарда болған. Су мен жылу берудің тоқтатылуына байланысты сол 24 көпқабатты үй мен 59 жеке тұрғын үй жылудан ажыраған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети