Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сәбиді ұзақ уақыт бесіктен шығармағандардың әрекетінен қылмыс табылмады

04 Қыркүйек 2014, 23:44
0
©lada.kz
©lada.kz

Ақтау полициясы бір жастағы сәбиді ұзақ уақыт бойы бесіктен шығармаған тұрғындардың әрекетінен қылмыс белгісін таппады, - деп хабарлайды "Лада"

"Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл іс бойынша материалдар жинастырып жатыр. Көршілер мен баланың туыстарынан жауап алынуда. Қазіргі уақытта жауап алынғандардың куәлік етуіне қарағанда, ата-аналарының сәбиге қарым-қатынасында қылмыс құрамы жоқ", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, емделгеннен кейін бала Сәбилер үйіне жіберіледі. "Баланың туған анасы табылған жоқ. Әкесі оның туу туралы куәлігінде жазылмаған, іс жүзінде ол балаға ешкім де емес. Баланың әкесі анықталғанша ол Сәбилер үйінде болады", - дейді ол.

Еске сала кетейік, бір жасар сәбиді Мұнайлы ауданының фельдшері кездейсоқ көріп қалған болатын. "Сыртта бесікке бөленген бала жатты. Ыстықта. Оның жүдеулігіне көзім түсті, киімі лас болды. Мен "жедел жәрдемді" шақырдым", - дейді фельдшер. Бұл үйге дәрігерлермен бірге полиция да келді.

Қазіргі уақытта науқас сәби облыстық балалар ауруханасының педиатрия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың лас памперсінің асты іріңдеп жараланғанын, тіпті, құрттардың пайда болғанын айтты. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай