27 маусым 2021 14:05

Салонда 12 адам болған. Ақтөбе облысында автобус аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақтөбе облысы ПД Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбе облысында автобус аударылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында автобус аударылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы 27 маусымда Бөгетсай кентінің маңындағы "Самара-Шымкент" автожолының 916-шақырымында болған. Автобуста 12 жолаушы, оның ішінде үш бала отырған.

"Паз-32054" автобусының жүргізушісі жол жүрісі ережесін бұзып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған уақытта көлік құралы тоқтағанға дейін жылдамдықты төмендетпей, көлікті басқара алмай, жүріп бара жатып оң жаққа аударылып түсті", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Автобус отбасылық іс-шарадан Ырғыз ауданы Калинин ауылынан Ақтөбеге бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам "Қарабұтақ" трассалық медициналық-құтқару пунктіне көмекке жүгінді, оның ішінде жарақат алған екі адам және сүйегі сынған бір жолаушы Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети