Саудагерлер барахолкада шыққан өртті кеш хабарлаған - Алматы қалалық ТЖД

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Әлішер Ахметов © Әлішер Ахметов

Алматыда "Олжа" базарында шыққан өрт туралы мәлімет кеш хабарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД "өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару қызметі" басшысының орынбасары Бағдат Шайзада хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Олжа" базарында шыққан өрт туралы мәлімет кеш хабарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД "өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару қызметі" басшысының орынбасары Бағдат Шайзада хабарлады.

"2016 жылы 18 тамызда сағат 16.26-да "101" пультіне "Олжа" базарының қоймаларында өрт шыққаны туралы хабар түскен. 7 минут уақыт өткен соң оқиға орнына бірінші өрт сөндіру қызметтері жеткен. Олар қоймаларда ашық өртті көрген. Бұл хабарламаның кеш келіп түсуіне байланысты. Жалын өте қатты қарқынмен шарпып таралған. Өрт орнында адамдар заттарын аман алып қалуы үшін тұтынушылық тауарларды қауіпсіз жерге көшіріп жатқан. Қойылған көліктердің саны көп болған, өрт гидранттарында қысым аз болған. Өрт сөндірушілер келген кезде өрттің аумағы 1000 шаршы метрді құраған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", - деді ол.

Еске салайық, Алматы барахолкасындағы өрт 21.55-те толығымен сөндірілді. Тікұшақтар 35 рет әуеден су құйды, бұған 100 тоннадан аса су қажет болды. Өрт Астана уақыты бойынша 21.55-те толықтай сөндірілді. Өрт үш мың шаршы метр аумаққа таралды.  


© Әлішер Ахметов

Алматыда барахолка базарында шыққан өртті сөндіру үшін КА-32 тікұшағы жұмылдырылған. Оқиға орнында 360 адам және 50 техника жұмыс жасады. Еске салайық, 18 тамызда "Олжа" базарының қоймаларында өрт шыққан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro