1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Семейде жойқын жел тұрды

©Facebook желісінен ©Facebook желісінен

Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласында жаңбыр сіркіреп, дауыл тұрғаннан кейін ағаштар құлап, үй төбелерін ұшырып әкетті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі.

"Құйып тұрған жаңбыр мен бораған желден үш метр болатын ара-қашықтықта ештеңе көрінбейді, ағаштардың бұтақтары құлады, ойпаң жерлердегі аулаларды су алды, Ертіс көпіріндегі жолды су басты", - деп хабарлады тілші.

Қаланың кейбір аудандарында электр тогы үзіліп қалды. Су басу салдарынан қала көшелерінде кептелістер пайда болды. Орталық алаңда жарықтандыру шамдары сынып, қаланың оң жағалауында билборд құлады.