24 сәуір 2023 09:11

Семейде қаңғыбас иттер 8 жастағы қызға шабуыл жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Telegram / @abainewskz Фото: Telegram / @abainewskz

Семейде бір топ қаңғыбас ит сегіз жастағы қызға шабуыл жасады. Анасы баланы әрең арашалап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Abai News Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Семейде бір топ қаңғыбас ит сегіз жастағы қызға шабуыл жасады. Анасы баланы әрең арашалап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Abai News Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 21 сәуірде сағат 18:00 шамасында Бөгенбай батыр көшесінде болған. Зардап шеккендердің айтуынша, оларға қабаған иттер шабуыл жасап, бірден баланы бас салған.

"Алғашында қолынан, кейін бетінен ұстады. Бақытымызға орай, жақын жерде болдық, ал бала қалың қысқы күртеше киген. Мен, ұлым және анам әйтеуір дегенде итті қуып жібердік", - деді отбасы мүшесі.

Әкесінің айтуынша, бала қатты күйзеліске ұшырап, қазір үнемі жылай береді.

"Қызым жалғыз болса, не болатынын елестеткім келмейді. Қанша укол алдық, тағы қанша алу керек. Бұл біздің облыстағы үлкен мәселе. Балалар мектепке, жаттығуға баруға қорқады. Қаңғыбас иттерді ұстау қызметі мұны істегісі келмейді, ал полиция ештеңе істей алмайды. Біз не істейміз? Ертең тағы бір бала осы жағдайға түсуі мүмкін. Ауруханада тігіс жасады. Тістеген жері терең болып шықты, қан көп ақты", - деп қосты қыздың әкесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети