Семейде ТЖМ қызметкерлері балалар мен олардың ата аналарын қарғалардың шабуылынан құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Семейдегі №20 көшеде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің маңында ерекше құтқару операциясы өтті.
"Қарғаның балапаны ұядан жеке балабақшаның кіреберісіне құлап кетіп, қарғалар балапанын қорғау үшін мектепке дейінгі мекемеге кіргісі келгеннің барлығына шабуыл жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жедел құтқару жасағының қызметкерлері балапанды адамдардан қауіпсіз қашыққа апарған. Құтқару операциясы сәтті әрі тез өткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!