18 наурыз 2022 17:51

Семейде көлік стеланың үстінен ұшып өтіп, жазуды бүлдірген

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: oo_osa_semey_vko Сурет: oo_osa_semey_vko

Семейге кіреберісте көлік стеланың үстінен ұшып өтіп, жоғары жағындағы "Абай жолы" деген жазудың бір бөлігін бүлдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейге кіреберісте көлік стеланың үстінен ұшып өтіп, жоғары жағындағы "Абай жолы" деген жазудың бір бөлігін бүлдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Полиция болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Тойотаның" 34 жастағы жүргізушісі Қарауыл ауылынан Семей қаласына бара жатып, бетонмен соқтығысқан. Жол апаты қалаға кіреберіс айналма жолда болған", - деді ШҚО ПД қызметкері.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Көлік жүргізушісіне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе ол алты айға дейінгі мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети