18 маусым 2014 01:49

Семейде қыз баланың денесі 10 күннен бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Руслан Шақабаев ©Руслан Шақабаев

Семейде Ертіске батып кеткен жеті жасар қыз баланың денесі оныншы күн қатарынан іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиға 7 маусым күні қаладан 25 шақырымдағы Шақаман ауылында болды.

Үш, бес және жеті жас шамасындағы үш бала биік жардан өзенге тас лақтырып тұрған. Бір кезде жеті жастағы қыз бала суға құлап кетеді. "Екі бала үйлеріне келіп, оқиғаны ата-анасына айтып береді. Бірақ ересектер оқиға орнына келгенде қыздың денесін ағыс алып кеткен", - дейді судан құтқару станциясының қызметкерлері.

Сүңгуірлер күн сайын екі қайықпен өзенді мұқият шолып шығып жүр. Бүгін іздеуге тағы қырық құтқарушы қосылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері Ертіс жағалауымен бірнеше шақырым жүріп шықты. Бірақ әзірше іздеу нәтиже берген жоқ. "Ағыс өте қатты, қыздың денесін тапқанша іздеу жалғасатын болады", - дейді құтқарушылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети