28 қыркүйек 2014 11:11

Семейде мектеп асханасынан ұшынғандардың қатары 56-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Семейде мектеп асханасынан уланғандардың қатары 56 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.


Семейде мектеп асханасынан уланғандардың қатары 56 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мамандарының хабарлауынша, қазіргі уақытта ауруханаға 32 оқушы түсіп отыр, тағы 22 бала үйінен емделіп жатыр. "Мектеп асханасының екі қызметкері де тағамнан уланып, ауруханаға жатқызылды. Ұшынып қалғандардың жалпы саны - 56 адам", - дейді төтенше жағдай басқармасының мамандары.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйек күні балалар жұқпалы аурулар ауруханасына №19 мектеп оқушылары бірінен соң бірі түсе бастаған болатын. Оларға "өткір ішек инфекциясы" деген алдын ала диагноз қойылды. Пациенттер 24 қыркүйек күні мектеп асханасынан балықтан жасалған тағам жеген. Қазіргі уақытта асхана жабылып, тергеуалды тексеріс жүріп жатыр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети