26 қыркүйек 2014 13:14

Семейде астан уланған оқушылардың саны 45-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Семейде №19 орта мектептің асханасынан уланған оқушылардың қатары 45-ке жетті, оның 23-і ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.


Семейде №19 орта мектептің асханасынан уланған оқушылардың қатары 45-ке жетті, оның 23-і ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Қалалық басқарма мамандарының хабарлауынша, жұма күні таңертең алынған мәлімет бойынша, "астан уланды деген күдікпен 23 бала ауруханаға жатқызылды, ата-анасы дәрігерлерге шағымданған тағы 22 бала үйлерінде". "Зардап шеккендердің бәрі - 2-6 сынып оқушылары, диагнозы - тағамдық өткір токсикоинфекция, гастроэнтерит", - деп хабарлады мамандар.

Өткен бейсенбі күні кешкісін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мамандары өздеріне сегіз баланың түскенін хабарлаған еді. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, біреуі жансақтау бөліміне жатқызылды. "Қорқып кеткен ата-ана баланың денесі құрысқанын және температурасы жоғарылағанын айтты", - дейді ауруханадағылар.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың улануына өткен сәрсенбі күні мектеп асханасында берілген балық өнімі себеп болуы мүмкін. 

Өткен бейсенбіде Жедел жәрдем ауруханасына астан уланды деген күдікпен №19 мектептің 16 оқушысы көрінген болатын. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, мектепте тамақтандыруды ұйымдастырумен жеке кәсіпкерлердің бірі айналысады. Семей қалалық ішкі істер басқармасы мен қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы улану дерегі бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Мектеп асханасының жұмысы тоқтатылды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети