Семейде оқ атып, тротуармен жүрген той кортежінің мүшелері ұсталды

26 Қараша 2018, 18:39
0
Семейде оқ атып, тротуармен жүрген той кортежінің мүшелері ұсталды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Семейде той кортежінің мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде бірнеше жол жүрісі ережесін бұзған той кортежінің видеосы жарияланды. Сонымен қатар, жүргізушілердің бірі әуеге оқ атқан. Осы әрекеті үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Видеоны құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. ШҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі ереже бұзған жүргізушілерді ұстады. 

"Осы дерекке қатысты Семей полиция басқармасының орталық бөліміне жеті көлік жеткізілді. Қолдан кептеліс жасағаны үшін Mercedes маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 614-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полиция өкілдері. 


Семей полиция бөліміндегі той кортежінің көліктері © "ОСА" ұйымы. 

Сонымен қатар, арнайы дыбыс белгілерін қолданғаны үшін Lexus маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тротуармен жүрген Lexus автомобилінің 36 жастағы жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, автокөлік салонынан ауаға оқ ату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалды. 

Ер адамнан Retay Baron тапаншасы тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай