Семейдегі атышулы автопарк қызметін тоқтатты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: altaynews.kz Фото: altaynews.kz

Semey Bus ЖШС басшысы компания қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Semey Bus ЖШС басшысы компания қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Semey Bus ЖШС директоры ресми мәлімдеме жасады. Болат Қылышбековтың айтуынша, кәсіпорынның дәрменсіздігіне билік органдарынан қолдау болмауы себеп болған. Енді ол қызметін жалғастыра алмайды. Болат Қылышбеков Semey Bus ЖШС басшылығы әкімдікпен шартты бұзу туралы хабарламаға қарсы сотқа шағымданатынын айтты.

Семей әкімдігі арызға қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметі бойынша, 20 шілдеге дейін Semey Bus ЖШС сот шешіміне шағымдана алады. Қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков автобустар алып тасталса, оны беретін жаңа кәсіпорын құрылады деп мәлімдеді.

"Олар қызметін ресми түрде тоқтатқаннан кейін, "БРК-Лизинг" АҚ (қазіргі өнеркәсіпті дамыту қоры) шартының талаптарына сәйкес Semey Bus ЖШС автобустарын меншік иесіне, яғни "БРК-Лизинг" АҚ-қа қайтаруға міндетті. Бұл 170 автобус, оның 70-і сынған. Оларды алып қойған жағдайда жаңа кәсіпорын құру туралы мәселе қаралады. Бұл автобустар қайта лизингке беріледі, яғни автобустар міндетті орындайтын басқа компанияға өтеді", - деді Дмитрий Гариков.

Айта кетейік, Semey Bus ЖШС мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде құрылған. 16 сәуірде Семей әкімдігі осы компаниямен келісімшартты бұзған болатын. Алайда автопарк көлікті өз еркімен беруден бас тартып, жұмысын жалғастырған. Қалада тағы бір тасымалдаушы - "Семавтопарк" ЖШС пайда болды, онымен әкімдік шарт жасасқан. 16 маусымда Semey Bus ЖШС жүргізушілері тұрғындардың назарын автопарк проблемаларына аудару үшін ереуілге шықты. Әкімдік өкілдерімен келіссөзден кейін сол күні олар жұмысын қайта бастады. Алайда 22 маусымда жүргізушілер тағы да ереуілге шықты және содан бері желіге шықпаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro