Серік Баймағанбетовтің соққыға жығылғаны расталмады

27 Тамыз 2014, 13:58
0
Серік Баймағанбетовтің соққыға жығылғаны расталмады - Серік Баймағанбетов. ©Ярослав Радловский
Серік Баймағанбетов. ©Ярослав Радловский

Сараптаманың нәтижесінде Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетовтің соққыға жығылғанын растайтын дене жарақаттарын алмағаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының жетекшісі Мұхамедкәрім Бектұрсынов Баймағанбетовтен түскен шағым негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. "Істі Бас прокуратура қозғады. Қылмыстық іс қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, яғни Қылмыстық кодекстің 307-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қозғалды", - деді Бектұрсынов.

Бектұрсынов Баймағанбетовтің жарақаттарының жазылып кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. "Оны ұрып-соқты ма, жоқ па - оны тергеу анықтайды. Шағым тергеу барысында тексеріледі", - деді прокуратура қызметкері. Ол қылмыстық істің екі дерек бойынша тергелетінін айтты: сотталушының айтуы бойынша 2013 жылдың қараша айында және 2014 жылдың сәуір айында болған оқиғалар.

Кедендік бақылау комитеті экс-басшысы Серік Баймағанбетовтің соққыға жығылғаны туралы ақпарат 25 тамызда пайда болған еді. Дене жарақаттарын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін экс-шенеуніктің миы шайқалғаны, басқа да жарақаттар алғаны хабарланды.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың қаңтарында сот Баймағанбетовті 80 мың доллар көлемінде пара алуға және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануға айыпты деп таныған болатын. Оған қатаң режимдегі колонияда 10 жыл жаза өтеу туралы үкім шығарылды.

Тергеу барысында Баймағанбетовтің Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаменті бастығынан пара алғаны және сол ақшаға бір адамды лауазымға тағайындауға уәде бергені анықталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай