Өзінің есімін жарияламауды өтінген Шахан ауылының тұрғыны төтенше жағдай болғаннан кейін бірнеше минуттан соң отжағушыны көрген, "Не болды?" деген сұраққа жауап берместен бұрын ер адам жылдам оқиға орнынан қаша жөнелген. Осыдан кейін оны ешкім де көрмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өзінің есімін жарияламауды өтінген Шахан ауылының тұрғыны төтенше жағдай болғаннан кейін бірнеше минуттан соң отжағушыны көрген, "Не болды?" деген сұраққа жауап берместен бұрын ер адам жылдам оқиға орнынан қаша жөнелген. Осыдан кейін оны ешкім де көрмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
От жағушы ер адам тұратын көпқабатты үйдің алдында полицейлер күні түні күзетіп жатыр. Ер адамның әйелі ешкімге есік ашпай жатыр. Ер адамның 1975 жылғы, есімі Мейрамбек екені жән Қазақстанға ол әйелі және екі қызымен жақында келген. Ол мүлдем орысша сөйлей алмайды екен. Көршілердің айтуынша, ол от жағушы болып тек бірнеше күн ғана жұмыс істеген. Жаңа жылдың алдында шыққан, бір тәулік бойы жұмыс ітеп демалысқа шығатын кезде өзін алмастыратын адамының болмауына байланысты 1 қаңтарда тағы да жұмысқа қалған. Көршілердің ойынша, Шахан ауылының бірнеше аудандарында үйлердің 20:15-те электр қуаты өшірілген. Осы кезде АСО-ның суды айналдыру құрылғысы жұмысын тоқтатып, қазандықтың қысымы төмендеп, ал ішіндегі су қатты қайнай бастаған. Қазақндық автоматты түрде қысымды түсіру жүйесі болған болмағанын ешкім білмейді.
Қазандықтың техникалық құжаттамасы бар жоғын тергеу барысында анықталады. Қазандық орналасқан жер төледе жарылыс болған уақытта бірінші қабат пен жертөлені арасындағы жабындылар бүлінген. Ал, үйдің алдыңғы жағына ештеңе болмаған.
Жалпы алғандаотжағушы ер адамға заң жүзінде ешқандай айып тағылмайды, себебі ол ресми түрде жұмысқа орналасып, келісімшарттарға қол қоймаған. Шахан ауылында ешқандай келісім шарттар жасалмайды, себебі ПИК ұйымын ашу ауыл тұрғындарына тиімсіз. АСО қазандықтары әр аулада бар, бірақ ол ешкімнің де атына жазылмаған, сол себепті бұл жерде кінәлі деп нақты біреуді айту қиын.
"От жағушы ер адамға іздеу жарияланған жоқ, оны тек жағдайдың қалай болғанын білу мақсатында куәгер ретінде сұрастыру үшін қажет. Оның әйелі қайда кеткенін білмейді. Жұмысқа кеткеннен көргеніміз жоқ дейді", - деді Шахтинск ІІБ басшысы Думан Рахымжанов.
Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.
Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.