02 маусым 2021 12:02

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: 2 қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі Фото: Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға бойынша полиция екі қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға бойынша полиция екі қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екі бап бойынша: 306-баптың 3-бөлігі "Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер" және 141-баптың 2-бөлігі "Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет" бойынша тергеу басталды", - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігі бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.

ҚР ҚК-нің 141-бабы 2-бөлігі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Еске салайық, 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде сел жүргені хабарланған болатын. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін қаза тапқан екі адамның оқушы мен мұғалім екені анықталды.

30 мамырда Қазақстан ТЖМ өкілдері Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың табылғанын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети