30 мамыр 2021 14:41

Шарын шатқалындағы сел: құтқарылған қыз оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қазақстан ТЖМ кадрларынан Фото: Қазақстан ТЖМ кадрларынан

Шарын шатқалында құтқарылған 11 жастағы оқушы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шарын шатқалында құтқарылған 11 жастағы оқушы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ қызды құтқару сәтінің видеосын жариялады. Ол қалай жартасқа өрмелеп шығып, көмек күткенін айтып берді.

"Жаңбыр басталғанда бәріміз тасаға жасырындық. Кейін жаңбыр қатты құйды. Біз бір тастан ұстанып тұрдық, ал тас бізді көтермей бөлініп кетті. Қолымды жіберіп, жай жатым", - деді құтқарылған мектеп оқушысы.

Қыздан "сені ағын су алып кетті ме?" деп сұрағанда:

"Солай сияқты, қалай болғанын бімеймін. Көзімді қатты жұмып алдым. Кейін қолыма ілінген тастың бір жағын ұстап, үстіне көтерілдім. Сол жерден жартасқа өрмелеп шықтым, алдымен қолымнан түк келмеді. Бірақ кейін шықтым", - деді қыз.

Бұған дейін Қазақстан ТЖМ Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың табылғанын хабарлаған болатын.

Еске салайық, 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде сел жүргені хабарланған болатын. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін қаза тапқан екі адамның №199 мектептің оқушысы мен мұғалімі екені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети