Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қыз табылды 30 мамыр 2021, 11:56

Қазақстан ТЖМ өкілдері Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың құтқарылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстан ТЖМ өкілдері Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың құтқарылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли Шарын шатқалында 2021 жылдың 30 мамырында жоғалып кеткен қызды құтқару жұмыстары туралы айтты.

"Сағат 9:34-те "Шарын" өзені бойындағы жағалау сызығын шолу әдісімен жерүсті іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде "Шарын шатқалы" МҒНП қызметкері 2010 жылы туған қызды анықтады.

Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылған (шатқал биіктігі 800-ден 1500 метрге дейін, өзен бойындағы осы учаскедегі жағалау сызығы өту қиын жерлер)", - деді ТЖМ өкілі.

Алматы облысының құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Алдын ала мәлімет бойынша қыз жарақат алған, жағдайы орташа ауыр. Қазіргі уақытта зардап шеккен адамды білікті медициналық көмек көрсету үшін "Қазавиақұтқару" АҚ авиациялық техникасын пайдалана отырып Алматы медициналық мекемесіне тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр", - деді Уәли.

Еске салайық, апат 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде болған. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Бұл жерде нөсер жаңбыр жауып, шамамен 15 минут бұршақ жауып өткен. 

Бұған дейін Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болып, алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейін қаза тапқан екі адамның оқушы мен мұғалім екені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram