Шарын шатқалындағы сел: мұғалім мен оқушы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шарын шатқалындағы сел: мұғалім мен оқушы қаза тапты Фото: Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі

Білім және ғылым министрлігі Шарын шатқалындағы селден кейін Алматы қаласындағы №199 гимназияның оқушысы мен мұғалімі қаза тапқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігі Шарын шатқалындағы селден кейін Алматы қаласындағы №199 гимназияның оқушысы мен мұғалімі қаза тапқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Өкінішке қарай, алынған ақпарат бойынша экскурсияға барғандардың арасында сегіз оқушы - Алматы қаласының №199 гимназиясының оқушылары болған. Оларға бес оқушының ата-анасы мен үш мұғалім жетекшілік еткен", - деді БҒМ баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға салдарынан оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қаза тауып, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Үш бала зардап шекті, қазір олар ауруханада жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

"Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деді БҒМ өкілі.

Еске салайық, апат 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде болған. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Бұл жерде нөсер жаңбыр жауып, шамамен 15 минут бұршақ жауып өткен. 

Бұған дейін Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болып, алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети