31 шілде 2019 15:03

ШҚО-да анасымен қызын көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sobytiya.net © sobytiya.net

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жасар қыз бала қайтыс болды, - деп хабарлайды "Устинка". Қайғылы оқиға дүйсенбіде кешкі уақытта болған. 


Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жасар қыз бала қайтыс болды, - деп хабарлайды "Устинка". Қайғылы оқиға дүйсенбіде кешкі уақытта болған. 

Ш полиция департаменті мәліметінше, 36 жастағы әйел қызымен Астана көшесін жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жолда кесіп өтпекші болған. Осы уақытта оларды "Дэу Матиз" маркалы автокөлік қағып кеткен. Соққы салдарынан қыз қарсы бағытта келе жатқан 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Мазда" автокөлігіне соғысқан. 

Бала оқиға орнында қайтыс болды, әйел ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, әйел адам ауруханаға жатудан бас тартқан. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети