ШҚО-да атыста қаза тапқан ағайындылардың денелері дәретханаға арналған шұңқырдан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да атыста қаза тапқан ағайындылардың денелері дәретханаға арналған шұңқырдан табылды © Тұрар Қазанғапов

Өскемендегі Шешек асуында болған атыста қаза тапқан екі ер адамның денелері табылды. Күдіктілер олардың денелерін дәретханаға арналған шұңқырға тығып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендегі Шешек асуында болған атыста қаза тапқан екі ер адамның денелері табылды. Күдіктілер олардың денелерін дәретханаға арналған шұңқырға тығып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаза тапқандардың денелері қала маңындағы ауыл жақтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер ер адамдардың денелерін дәретхана үшін салынып жатқан шұңқырға тығып кеткен. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды. Бүгін прокурор Бағбан Тайымбетов көңіл айту үшін қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, жантүршігерлік қылмысқа қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып береді", - деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Өскемендегі ағайынды жігіттердің өліміне Жоғарғы сот пен ІІД қызметкерлерінің қатысты болуы мүмкін екені айтылған болатын. "2017 жылдың 31 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Тергеу басқармасы Өскеменнің екі тұрғынының өліміне қатысты тергеу бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың бірі бұрын С. есімді қаржы полициясы мен Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметінде істеген Астана тұрғынымен жанжалдасып қалған. Жанжал кезінде астаналық оларды атып тастаған. Аса ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті қамауға алынды", - делінген еді прокуратура хабарламасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети