04 сәуір 2017 20:25

Өскемендегі ағайынды жігіттердің өліміне Жоғарғы сот пен ІІД қызметкерлері қатысты болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zbroya.info © zbroya.info

ШҚО ІІД ҰҚКБ мен Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкерлері Өскеменнің шетінде екі адамды өлтіруге қатысы бар болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ШҚО ІІД ҰҚКБ мен Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкерлері Өскеменнің шетінде екі адамды өлтіруге қатысы бар болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қылмыс жайлы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. 2017 жылдың 31 наурызына қараған түні ағайынды екі жігітті Шешек тауына қарай көлікпен алып кетіп, тегіс ұңғылы аңшы мылтығынан "айуандықпен атып тастағаны" хабарланған болатын. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған балалары қалды. 

Облыс прокуратурасының өкілдері оқиғаны тергеудің мән-жайы туралы айтып берді. Қадағалау органының өкілдері күдіктілердің қазір құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істемейтінін атап өтті. 

"2017 жылдың 31 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Тергеу басқармасы Өскеменнің екі тұрғынының өліміне қатысты тергеу бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың бірі бұрын С. есімді қаржы полициясы мен Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметінде істеген Астана тұрғынымен жанжалдасып қалған. Жанжал кезінде астаналық оларды атып тастаған. Аса ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті қамауға алынды", - делінген прокуратура хабарламасында. 

Прокурорлардың мәліметі бойынша, сотқа дейінгі тергеу кезінде оқиға орнында ШҚО ІІД ҰҚКБ қызметкері болғаны анықталды. Сонымен қатар, Өскеменнің тағы екі тұрғыны қылмыс жасалғанын білген. Қазір олар қылмыс туралы хабарламағаны үшін ұсталды және олардың қылмысқа қатысы бары анықталып жатыр. Істің үлкен дау тудырғанына байланысты өңір прокуратурасы мен ІІД қызметкерлерінен ведмствоаралық комиссия құрылды. Комиссияны облыс прокуроры басқарады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети