Шығыс Қазақстанда болған жол апатының салдарынан зардап шеккендердің арасында екі бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстанда болған жол апатының салдарынан зардап шеккендердің арасында екі бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Үржар аудандық орталық ауруханасына 7 адам жатқызылды, оның екеуі бала. Бірі - төрт, екіншісі сегіз жаста.
"Дәрігерлер зардап шеккендерге бассүйек-мидың жабық жарақаты деген диагноз қойды, екі адамның бірнеше жері сынған. Қалған жолаушыларды ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болған жоқ. Оларды жол апаты болған жерде дәрігерлер қарап, медициналық көмек көрсетті", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үржар ауданында "Таскескен-Бақты" тас жолында 48 жолаушысы бар рейс автобусының аударылып қалғаны хабарланған болатын. Жолаушылардың арасында 15 бала бар. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.